taulas
Сәлем! Біз — Ғалым мен Айжан 👋🏼

Taulas — бұл біздің жобамызға сай сөз деп шештік. Ол екі бөліктен тұрады: тау 🏔️ және -лас суффиксінен (жолдас, серік 👩🏼‍🤝‍👨🏻).

Біздіңше, taulas — бұл табиғатты, жануарларды, әлемді танып, мағыналы саяхатты жақсы көретін жандар.

Кәнеки, taulas болайық 🫰🏼

Әр адамның саяхаттау тәсілі әртүрлі деп сенеміз.

Біздің жолымыз қарапайым: танымал бағыттардан тыс жерлерге бару, табиғат аясында болып, құстар мен жан-жануарларды көруге үміттену, жергілікті өмірмен танысу, мәдениеті мен тарихын зерттеу, жолда кездескен адамдармен байланыс орнату.

Біз танымал көрікті жерлерді қуаламаймыз, ұзын-сонар кезектерде тұрмаймыз, сәнді мейрамханаларды іздемейміз.

Керісінше, жеңіл сөмкемізбен жолға шығып, жергілікті көлікпен жүреміз, жергілікті тамақты жейміз және шығынды барынша үнемдейміз.

Біз үшін жайлылықтан бұрын – шынайылық маңызды. Сыйлықтан бұрын – естелік.
Сол себепті, біз өз жолымызды дәл осылай саяхаттауды ұнататын жандармен бөлісуді ұйғардық.
біз туралы!

жақында болған жерлер

біз аяқ басқан елдер картасы
  • 31
    🌏 мемлекет
  • 50+
    🏙️ қалалар
  • 100,000 км
    ✈️ саяхатталған